$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Отанға деген сүйіспеншілік: «AMANAT» ғимаратында көлемі 24×12 метр болатын мемлекеттік ту ілінді

AstanaTV
04.06.2025ж. 10:25
120
Отанға деген сүйіспеншілік: «AMANAT» ғимаратында көлемі 24×12 метр болатын мемлекеттік ту ілінді

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астанадағы «AMANAT» партиясы Орталық аппараты ғимаратының қасбетіне көлемі 24х12 метрді құрайтын мемлекеттік алып ту ілінді,-деп хабарлайды  Astana TV. 

Партия белсенділерінің бастамасымен жүзеге асырылған «Менің елім – менің туым» акциясы ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аспан түстес Көк байрақ бостандықты, бейбітшілік пен бірлікті бейнелейді. Сондай-ақ ол азаматтардың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, патриотизмге үндейді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясы төрт жыл қатарынан «Менің елім – Менің туым» республикалық акциясын өткізуде. Соның аясында ел аумағында мыңдаған ту ілінуде.