$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Үкімет киік етін бөлшек саудаға шығармақ

AstanaTV
04.06.2025ж. 13:59
108
Үкімет киік етін бөлшек саудаға шығармақ

Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, еліміздегі киіктердің нақты саны алаңдағы зерттеулерден кейін белгілі болады. Сонымен қатар, ол ақбөкен етін өңдеу және сату бойынша жоспарлар туралы да ақпарат берді. Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, қазіргі таңда 13 кәсіпорын күніне 3,7 мың сайғақ қабылдауға дайын,-деп хабарлайды TIEK телеграмм каналы. 

«2023 жылғы ауыр тәжірибені ескере отырып, біз бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарадық және барлық ет комбинаттарының нақты дайындығын зерттедік. Қалпына келтіруді тек ветеринариялық санитарлық шаралары толық орындалған ет комбинаттары арқылы жүргіземіз, осылайша халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз», — деді министр.

Сондай-ақ, сайғақ етін бөлшек саудада сатуды жоспарлап отыр.

«Бизнес өкілдері етті сақтау және өңдеу үшін жаңа қоймаларды салуға қызығушылық танытып отыр. Өндіріс ошақтары сайғақ таралған өңірлерде орналасқан — Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында», — деп атап өтті министр.