$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Лара Фабиан Димаштың өнеріне бас иіп, «Adagio» әнін бірге шырқады

AstanaTV
04.06.2025ж. 17:33
107
Лара Фабиан Димаштың өнеріне бас иіп, «Adagio» әнін бірге шырқады

Димаш Құдайберген әлемге әйгілі әнші Лара Фабианның Лондонда өткен концертіне арнайы қатысып, «Adagio» әнін бірге шырқады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Лондонның әйгілі OVO Arena Wembley алаңында әлемдік музыканың аңызына айналған Лара Фабианның «Voices» әлемдік турнесінің аясында жеке концерті өтті.

«Adagio» атты бүкіл әлемге танымал әйгілі әндердің бірін Лара отандасымыз Димаш Құдайбергенмен бірге орындады.

Әлемдік деңгейдегі қос әншінің өнеріне қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

«Арманым орындалды, Лара Фабиан мен Димаш бір сахнада ән салды», «Керемет, ғажап! Өте күрделі, ауыр ән екен», «Осы сәтті қанша жыл күттік», «Орындаған әндері жүрекке жетті», - деп жазды желі қолданушылары.