Елде дәрі-дәрмекке қосылатын үстеме баға 172%-ға дейін жетеді. Ал әлемде бұл көрсеткіш 30%-дан аспайды. Мәжілісте Жоғары аудиторлық палата әшкерелеген отандық фармациядағы біраз былықтың беті ашылды. Бүгінде дәрілік препараттардың 84%-ы шетелден әкелінеді. Соңғы 10 жылда қазақстандық ғалымдар 2 препаратты шығарумен ғана шектелген. Оның бірі сол күйі қолданысқа енгізілмеді.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Мемлекет басшысы отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытудың маңыздылығын үнемі айтып келе жатыр. Көріп отырғандарыңыздай, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету деңгейін арттыру бойынша міндеттер әлі де жеткілікті. Сала жүйеленген тәсіл мен неғұрлым озық көзқарасты бүгінгі күнде талап етіп отыр. Есепті тыңдау қорытындысы бойынша біз Үкіметке, уәкілетті органдар мен әкімдіктерге ұсынымдар дайындадық. Депутаттар саладағы жағдайды жақсарту бойынша нақты шараларды ұсынып отыр. Үкімет бүгінгі талқылау қорытыныдысы бойынша депутаттардың барлық ұсынысын ескеруі қажет.