$510.19 €582.79 ₽6.46
×

«AMANAT-AQYLMAN» интеллектуалды ойындары Түркістан облысында төртінші рет өткізілді

«AMANAT-AQYLMAN» интеллектуалды ойындары Түркістан облысында төртінші рет өткізілді

«AMANAT-AQYLMAN» интеллектуалды ойындары Түркістан облысында төртінші рет өткізілді. Кезекті зияткерлер жарысы биыл «Жұмысшы мамандықтары жылына» және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды. Іріктеу ойындарына 13 команда қатысты. Төрт кезеңнен тұратын сайыста олар логикалық сауалдарға жауап беру, ұтқыр жауап нұсқаларын ұсыну, фотосауалдарды шешу, кино және музыка тақырыбына арналған сауалдарға жауап беру бойынша өзары мықтыны анықтады. 

ЖҰМАБАЙ МАМЕКОВ, «ҚҰТАРЫС» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Cайыс өте қызықты жүруде. Пікірталас жақсы жүруде. Беріліп жатқан сұрақтар оңайы да бар, қиыны да бар. Логикалық сұрақта бірәздары шатасып жатыр. Көпшілігі тауып жатыр. Сондай бр қызықты өтіп жатыр. Біз енді осы сайысты өзіміздің ауылымызда өткізіп жатқанына өте қуаныштымыз.