$510.19 €582.79 ₽6.46
×

«Алтын адам» мультфильмі көрерменге жол тартты

AstanaTV
04.06.2025ж. 20:00
121
«Алтын адам» мультфильмі көрерменге жол тартты

Қазақ анимациясының жаңа жұлдызы — «Алтын адам» мультфильмі көрерменге жол тартты. Фильм сақ жауынгерінің рухы мен ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, ұлттық болмысты сақтап, жас ұрпақты ізгілікке баулуды мақсат етеді. Алғашқы көрсетілімі Алматыда жоғары бағаланған. Бүгін Астанада жабық көрсетілім болды. Енді ертеңнен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. 

ТҰРДЫБЕК МАЙДАН, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР:

"Алтын адам" деген сырты жылтыр емес, ішкі руханияты бай адам ол - Алтын адам дегенді оы фильм арқылы йтқымыз келді. Жас өспірімді соны айтқымыз келді. Әрине, енді ол жерде фильм өте шытырманды оқиғамен өрбіп отырады. 


ҰЛАРБЕК НҰРҒАЛЫМ, СЦЕНАРИЙ АВТОРЫ:

 
Балалар біріншіден, әділдікті, одан кейін ізгілікті бойына сіңіреді. Сондықтан осы "Алтын адамның" бойындағы қасиеттер біздің балалардың бойына дарыса деген ой, ниетіміз бар.