$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Атырауда «Таза Қазақстан: Иман. Ынтымақ. Тазалық» тақырыбында кездесу өтті

04.06.2025ж. 20:00
116
Атырауда «Таза Қазақстан: Иман. Ынтымақ. Тазалық»  тақырыбында  кездесу өтті

Атырауда «Таза Қазақстан: Иман. Ынтымақ. Тазалық»  тақырыбында  кездесу өтті.  Тазалыққа  жайлылықтың көрсеткіші ғана емес, рухани жаңарудың  бөлшегі  ретінде қабылдауға  бағытталған шараға дін, Қазақстан Ассамблея  өкілдері мен экобелсенділер қатысты. Сыртқы тазалық, адамның ішкі  тазалығынан, ақылдың мен иманның тазалығынан басталады,- дейді жиналғандар.   Жиын қорытындысымен әкімдік пен дін өкілдері арасында конфессияаралық моральдық Мемарандумға қол қойылды.   Онда тазалық бойынша білім мен ақпаратты көбейтіп,  діни және этникалық ерекшеліктерді ескере отырып,  экология саласындағы  тәжірибелерді бөлісу  мақсат етеді. Осы орайда діндер мен этномәдени бірлестіктер арасында түрлі жобалар мен фестивалдар өткізу жоспарланған. 

НҰРЛАН ЖАНТОҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Біз тазалыққа бірге, бірлесіп бізбен бірге, халық бірге болуға шақыру туралы үлкен жасалып жатқан дөңгелек үстел. Мұның үлкен нәтижесі болуы керек деп есептеймін. Оның ішінде соңғы кездерде иман  жолында жүрген жастарымыз да бар. Католиктер де бар оның ішінде. Солардың барлығын осы үлкен шараға тарту бойынша жасалып жатқан жұмыстардың бірі.