Алматыда қылмыстық топ кәсіпкерлердің үрейін ұшырып келген. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік Комитеті департаменті бірлескен шара барысында құрамында 20 адам бар қылмыстық топты ұстады. Шағын кәсіп иелеріне күн көрсетпеген олар Алматы қаласы, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Түркістан және Маңғыстау облыстарында құрықталды. Олар жеке күзет мекемесі деген жалған атпен ойын-сауық мекемелерінің басшылары мен қызметкерлерін бопсалап, ұрып-соғып келген.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ:
40-тан астам тінту жүргізіліп, жеті атыс қаруы тәркіленді, оның ішінде үш кесілген мылтық, Макаров тапаншасы, Калашников автоматы және 100-ден астам оқ-дәрі алынды. Бұзақылық, бопсалау, адам ұрлау, өз бетінше билік жүргізу және денсаулыққа зиян келтіру фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде.