$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Ысырапшыл шенеуніктердің тойына бармаймын – Әлихан Смайылов

AstanaTV
04.06.2025ж. 19:20
131
Ысырапшыл шенеуніктердің тойына бармаймын – Әлихан Смайылов

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында ысырапшылдықпен жасалған тойларға бармайтынын мәлім етті.

- Бізде кейбір шенеуніктер баласының тойын болсын, өзінің тойын болсын, «ас та төк» ысырапшылдықпен, думандатып, байлығын көрсетіп өткізіп жатады. Бұл қаншалықтың дұрыс, этикаға сай ма? Сіз өзіңіз ондайды қолдайсыз ба? Жалпы шақыртулар бола ма? - деп сұрады журналист.

Палата басшысы ондай ысырапшылдыққа қарсы екенін айтады.

- Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Дұрыс емес. Өзім ондайды қолдамаймын. Мен ондай тойға бармаймын да. Ондай артықшылықтарды қолдамаймын, дұрыс емес деп есептеймін, - деді Әлихан Смайылов.

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.