$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Илон Маск: «Трамптың заңы шошқа етінен жасалған»

04.06.2025ж. 20:00
130
Илон Маск: «Трамптың заңы шошқа етінен жасалған»

Оңтүстік Корея жаңа Президент сайлады. Мемлекет басшысы не түрмеге түсетін, не қастандықпен өлетін бұл елде билікке оппозициялық партия өкілі келді. Ал Илон Макс Ақ Үйдегі қызметін тастай сала, Трамптың өзіне қарсы шықты. Қабылданайын деп жатқан заң «Шошқа етінен жасалған», - деп АҚШ Президентінің жұмысын сынға алған. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты. 

Мен алдыңғы Президент секілді депутаттарға қарсы күш қолданып, әскери жағдай енгізбеймін. Оппозициялық демократиялық партия басшысы Ли Чжэ Мён осылай деп, алдыңғы мемлекет басшысы Юн Сок Ельді мазақ етті. Ол мерзімінен бұрын өткізілген Президент сайлауында 49 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Жаңадан сайланған мемлекет басшысы таққа отыру рәсімінде АҚШ көмегіне сүйене отыра, Солтүстік Кореяның агрессиясына қарсы тұрамын, - деп уәде берді.

ЛИ ЧЖЭ МЁН, КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз көрші елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысамыз. Дегенмен, біздің одақтастарымыз Жапония мен АҚШ болуы тиіс. Осылай ғана Солтүстік Кореяны тоқтатуға болады. Бұл біздің мелмекеттік мүдделерімізге сай келеді. Бұдан бөлек, Кореяның әлемдегі беделін арттырып, экономикалық күшімізді нығайтуға ден қоюға көп күш жұмсаймын. 


Мемлекеттік қызметтен кеткен Илон Маск Дональд Трампқа қарсы шықты. АҚШ Президентінің салық туралы жаңа заңын қатаң сынға алған миллиардер бұл туралы өзінің әлеуметтік желісіне жазған. Онда Маск, бұл адам көргісіз сұмдық заң, шошқа еті толы, - деген. Бірақ, Ақ Үй онда тұрған ештеңе жоқ, - деп қысқа жауап қатты.

КЭРОЛАЙН ЛИВИТТ, АҚ ҮЙ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Президент бұл сын туралы біледі. Бірақ, ештеңе өзгертетін ойы жоқ. Әр адам өз ойын білдіре алады. Сондықтан, проблема көріп тұрғанымыз жоқ.


Ал Израиль әскері Газа секторының халқын өз үйлерінен қуып жатыр. Хан-Юнис қаласында жұрт оқ астында қалмау үшін үйлерін тастап қашуға мәжбүр. Естеріңізге сала кетсек, Израиль Газа секторын енді толық жермен-жексен ету жоспарын қабылдаған еді.