$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Ақмола облысында жоғалып кеткен бақташының мәйіті табылды

AstanaTV
04.06.2025ж. 22:00
150
Ақмола облысында жоғалып кеткен бақташының мәйіті табылды

Аршалы ауданына қарасты Жалтыркөл ауылы маңында орналасқан шаруа қожалығында бақташы болып жұмыс істеген Өзбекстан Республикасы азаматының мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

37 жастағы ер адам 1 маусым күні шамамен сағат 17:00-де мал бағуға шығып, байланысқа шықпай қалған. Жұмыс берушісі дабыл қаққан, себебі көл маңынан ерттелген жылқы, оның кепкасы, ұялы телефоны және ер-тоқымға төселетін төсеніш табылған. Ал малшының өзі жанында болмаған.

"Ақпарат түскен бойда Аршалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Іздеу топтары ұйымдастырылды. Іздеуге жергілікті тұрғындар мен еріктілер де белсене қатысты, олар көл маңын және жақын маңдағы аумақтарды тексерді. 3 маусымда іздестіру жұмыстары барысында полицейлер ер адамның денесін оның жеке заттары табылған жерден шамамен бір шақырым қашықтықта анықтады. Алдын ала болжам бойынша, өлім себебі – жылқыдан құлап, жануардың адамды белгілі бір қашықтыққа сүйреп апаруы болуы мүмкін. Қасақана өлтіру белгілері табылған жоқ", – деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайтыс болу себебін нақты анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.