Қатерлі дертпен күресіп жүрген актер Мұрат Бисембиннің жай-күйі қалың көрерменді бейжай қалдырмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Былтыр ауыр диагноз қойылған сәттен бастап, ол өзінің өмір үшін табанды күресін бастап кетті. Сол кезде ол жанашырларына арнап: , – деп, үміт пен жігерге толы үндеу жолдаған болатын. Содан бері бір жылдан астам уақыт бойы актер салауатты өмір салтын қатаң ұстанып, ем-домын үзбей қабылдап келеді.
Жақында актердің жақын досы, әріптесі Саят Исембаев әлеуметтік желіде Мұрат Бисембиннің қазіргі жағдайын баяндайтын сурет жариялап, , – деген қысқа, бірақ үмітке толы жазба қалдырды. Бұл жаңалықты көрген желі қолданушылары бірден қолдау білдіріп, жылы лебіздерін жазып, сауығып кетуін тіледі.