Нидерландтың Алмело қаласында екі бала Haribo мармеладын жегеннен кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Олардың бірі тәттіден улану салдарынан комаға түскен. Бұл туралы NL Times басылымы жазды.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір баланың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.
Құрамында каннабис болған мармеладтың партиясы басқа елдерге, соның ішінде Қазақстанға жеткізілгені туралы нақты ақпарат әлі белгісіз.
Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.