$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Мобильді интернет неге қымбаттап жатыр? — министр түсіндірді

AstanaTV
05.06.2025ж. 07:33
98
Мобильді интернет неге қымбаттап жатыр? — министр түсіндірді

Мәжіліс кулуарында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жасұлан Мәдиев ұялы байланыс сапасына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2017 жылдан бері тарифтерді реттемейміз. Яғни реттелмейтін сала десек болады. Алайда байланыс тарифінің өсуіне әсер ететін бірнеше факторлар бар. Атап айтқанда, инфляция, трафиктің өсуі және жалақы қорын арттыру және т.б. Соңғы жылдары қазақстандықтар интернет трафигін көп тұтынады. Мобильді операторлар сатып алатын құрылғылар көбі сырттан келеді. Оны теңгемен алсақ, тарифке ол да әсер етеді, - дейді министр.

Ведомство басшысының сөзінше, соңғы жылдары бір гигабайт трафигінің бағасы төмендеген.

2024 жылы бір гигабайт трафигі арзандады. Мобильді байланыстағы интернет трафигі шамамен 12 пайызға, ал белгіленген тарифтер 25 пайызға арзандады, - дейді Мәдиев.

Журналист министрге смартфонындағы байланыстың ұстамай тұрғанын көрсетті. Ал Мәдиев оған:

Нақты орында бірнеше мәселе болуы мүмкін. Мәселені жекелей қарау қажет, - дейді ол.