$510.19 €582.79 ₽6.46
×

"SOS сигналы ІІМ-ге беріледі": Астана мен Алматыда жедел жәрдем фельдшерлері бейнежетондар таға бастады

AstanaTV
05.06.2025ж. 08:20
209
"SOS сигналы ІІМ-ге беріледі": Астана мен Алматыда жедел жәрдем фельдшерлері бейнежетондар таға бастады

Астана мен Алматыда жедел жәрдем фельдшерлеріне арналған смарт-бейнежетондарды енгізу бойынша пилоттық жоба басталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, жоба медицина қызметкерлерінің шақыртуларға шығу кезіндегі қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Яғни, қызметтік міндеттерін орындау кезінде шабуыл, жанжал, агрессия көріністері болған жағдайда оларды заңды қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жүйе әзірге екі қалада Астана мен Алматыда пилоттық режимде іске қосылған. Бейнежетондарда SOS батырмасы, геолокация функциясы және ауысым аяқталғаннан кейін жазбаларды автоматты түрде алу мүмкіндігі бар.

"Жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін жабдықты баптау аяқталды және қызметкерлерге нұсқау берілді. ІІМ Жедел басқару орталығымен Интеграция аяқталды. SOS сигналы мен бейне сигналы автоматты түрде ІІМ жүйесіне беріледі", - дейді министрлік өкілдері.

Пилоттық кезеңнің қорытындысы бойынша смарт-бейнежетондарды еліміздің басқа да өңірлерінде енгізу мәселесі қарастырылмақ.