$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Голливуд продюсері Джефф Ольм Мемлекеттік рәміздер күніне арналған роликті өз парақшасында бөліскен

AstanaTV
05.06.2025ж. 11:21
105
Голливуд продюсері Джефф Ольм Мемлекеттік рәміздер күніне арналған роликті өз парақшасында бөліскен

Голливуд продюсері және визуалды эффектілер бойынша танымал маман Джефф Ольм Қазақстанның Мемлекеттік рәміздер күніне арналған бейнероликке назар аударып, оны өз әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Astana TV.

Джефф Ольм — киноиндустрияда 35 жылдан астам тәжірибесі бар танымал сарапшы. Оның портфолиосында Titanic, The Lord of the Rings, Harry Potter, The Fifth Element, Avengers, Guardians of the Galaxy және Spider-Man сияқты 100-ден астам голливудтық блокбастер бар. Ол Disney, Marvel, DreamWorks, Sony, Warner Bros. және Universal сияқты студиялармен жұмыс істеген.

Джефф Ольм тек голливудтық студиялармен жұмыс істеп қана қоймай, NFL, NBA және MLB үшін виртуалды және кеңейтілген шынайылық жобаларын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ жас режиссерлер мен операторларға тәлімгерлік етеді.