$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

AstanaTV
05.06.2025ж. 12:02
109
Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

«Мың бала» олимпиадасы – ауылдық жерлердегі дарынды балаларды анықтайтын және оларға қолдау көрсететін аса маңызды жобалардың бірі. Алтыжылішіндеолимпиадағаауылмектептеріндеоқитын819мыңнанастам 6-сынып оқушысықатысты. Олардыңарасынан6000-ы олимпиада жеңімпазыатанды, 1900-ден астам оқушы дарынды балаларға арналған мектептерге қабылданды. «Мың бала» олимпиадасына қатысу тегін жүзеге асады.

Биыл олимпадаға 65 000 оқушы тіркелді. «Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Iкезең онлайн форматта 1 сәуір мен 16 сәуір аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында прокторинг жүйесі арқылы өтті. Екі бөлімнен және 40 сұрақтан тұратын тестілеу тапсырды, ол - логикалық ойлау, кеңістіктік ойлау. Ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мыңнан астам оқушы олимпиаданың II кезеңіне жолдама алды.

Олимпиаданың екінші кезеңі 28 сәуір мен 2 мамыр аралығындаматематикалық сауаттылық, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндері бойынша өтті.

Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған еліміздің жетекші мектептеріне - Республикалық физика-математика мектебіне, «Білім-Инновация» лицейлеріне, «Дарын» мамандандырылған мектептеріне квота бойынша оқуға түсу мүмкіндігіне ие болды.

СНХ: АБЫЛАЙХАН ҚАЙРОЛЛАЕВ / ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

- Әрбір оқушы, өзінің веб камерасын, немесе рабочий столына доступ беріп, біз өзіміздің жанымыздан ол оқушы әділ тапсырып жатыр ма екенін көріп отырамыз. Әрбір оқушы өзінің білімінің арқасында осы олимпияданың сұрақтарына жауап беріп, олимпияданң жеңімпазы атағына өз еңбегімен жетті

СНХ: АРДАҚ БЕРДІМҰРАТҚЫЗЫ / АТА-АНА

- Сыныптан тек қана ұлым өтіпті.Содан қуанып арманымыздағы мектепке түсіп отырмыз.