$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Қарағанды облысында әйел адам 15 жастағы қызын 38 жастағы еркекке ұзатып жіберген

AstanaTV
05.06.2025ж. 12:57
367
Қарағанды облысында әйел адам 15 жастағы қызын 38 жастағы еркекке ұзатып жіберген
Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысында оқушы қыздың анасы мен өгей әкесі оны 15 жасында 38 жастағы ер адамға ұзатқан. Бес күн өткен соң жасөспірім «күйеуінен» қашып кеткен. Қазір анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға наурыз айының ортасында Қарағанды облысындағы Абай қаласында болған. Белгілі болғандай, қыз баланың анасы мен өгей әкесі оны еркінен тыс ұзатқан. Ресми емес үйлену тойынан кейін бес күн өткен соң мектеп оқушысы туған әкесіне қашып барып, екеуі бірге полицияға арыз түсірген.

15 жастағы мектеп оқушысына қатысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жасөспіріммен психологтар жұмыс жүргізді.

Қазір қыз баланың әкесі бұрынғы жұбайын ата-ана құқығынан айыруды талап етіп отыр.

«Оны (қызын) полицияға арыздан бас тартуға көндірген. Анасына жаны ашысын деп қысым көрсеткен, себебі оның үшінші некесінен тағы екі кішкентай баласы бар», – деді қыз баланың әкесі.