Қарағандылықтар енді Түркияға тікелей тұрақты рейспен ұша алады. 4 маусымнан бастап Қарағанды – Ыстамбұл жаңа халықаралық бағыты жазғы маусымға қазақстандық FlyArystan лоукостерімен іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Airbus A320 ұшақтарында ұшулар аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері жүзеге асырылады. Жол жүру уақыты – алты сағаттан сәл артық. Қарағандыдан ұшу – 14:20, Ыстамбұлға келу – 18:35. Кері рейс Ыстамбұлдан 19:20-да жөнелтіледі және Қарағандыға 02:30-да келеді.
Алғашқы жолаушыларды ұшар алдында салтанатты түрде шығарып салып, түрік тәттілерін сыйлады.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасын нығайтудағы маңызды қадам болды. Енді Орталық Қазақстанның жүрегінде орналасқан және еліміздің жетекші өнеркәсіптік, білім беру және мәдени орталықтарының бірі болып табылатын Қарағанды Түркияның ірі қаласы – Ыстамбұлмен тікелей әуе қатынасына ие болды, – делінген авиакомпания хабарламасында.
FS7915 әуе рейсі 29 тамызға дейін жоспарланған.