$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Қазақстанның халық әртісі, атақты әнші Айгүл Қосановаға құрмет көрсетілді

AstanaTV
05.06.2025ж. 14:39
345
Қазақстанның халық әртісі, атақты әнші Айгүл Қосановаға құрмет көрсетілді
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жуырда ғана «Қазақстанның халық әртісі» жоғары атағына ие болған дәстүрлі ән өнерінің көрнекті өкілі Айгүл Қосанованы қабылдап, құрмет көрсетті, – деп хабарлайды Astana TV.

Кездесу барысында аймақ басшысы әншінің өнер жолындағы табандылығы мен ел мәдениетіне қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтіп, шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар, өңірдің мәдени дамуы мен рухани жаңғыруы бағытында өзекті мәселелер қозғалып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Айгүл Қосанова – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра класы бойынша түлегі. Қазіргі таңда Президент оркестрінің солисі, Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирктік колледжде оқытушы және аталған консерваторияның аспиранты. Сондай-ақ, ол өнер мен білім саласында белсенді еңбек етіп жүрген ұстаз-ғалым, «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ-нің қауымдастырылған профессоры.