$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Астанада 7 жасар баланы жасөспірім аяусыз соққыға жыққан

05.06.2025ж. 20:00
1652
Астанада 7 жасар баланы жасөспірім аяусыз соққыға жыққан

Астанада 7 жасар баланы жасөспірім аяусыз соққыға жыққан. Қазір бала ауруханада жатыр, дәрігерлер оған операция жасамақ. Зардап шеккен ата-ана кінәлінің жауапқа тартылуын талап етуде. Алайда тәртіп сақшылары іс қозғамаған. Неге? Мәселенің мән-жайын тілшіміз Назерке Алтынбек жеткізеді.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Жәбірленушінің анасының айтуынша, ұлын 6-сынып оқушысы соққыға жыққан. Салдарынан баланың мұрын сүйегі сынып, бетінің жұмсақ тіндері жыртылған. Қазір ол ауруханада.

БАЛАНЫҢ АНАСЫ

Үйге келсем, ұлым жатыр, беті көгеріп кеткен. Мұрны ісіп кеткен. Шошып кеттім, жедел жәрдем шақырдым. 102 звондадым. Маған ұнамағаны анасы, мысалы, ол да ана ғой. Оның да үш баласы бар, менің ұлымның жағдайын көріп тұрып, жедел жәрдем де шақырмаған. Ешқандай көмек көрсетпеген.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Зардап шеккен отбасының айтуынша, екінші тарап, тіпті, кешірім де сұрамаған. Қазір олар басқа қалада жүрген көрінеді. Оқиға біткеннен кейін зәбір көрсеткен баланың анасы сол жерге келген. Бірақ, өзініің баласынан кешірім сұратып, үйіне қайтарып жіберген көрінеді.

АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Кәмелетке толмаған баланың қатысуымен орын алған оқиға полицияда тіркелді. Тексеру барысында оқиғаға 10 жастағы жеткіншектің қатысы бар екені анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Сондықтан қылмыстық іс қозғалмады. Алайда заңда көзделген әкімшілік шаралар қолданылды. Бала тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін оның заңды өкілі әкімшілік жауапқа тартылды