$544.87 €639.02 ₽6.88
×

АҚШ Газа секторын қолдаудан бас тартты

05.06.2025ж. 20:00
1676
АҚШ Газа секторын қолдаудан бас тартты

"Путин өзі жеке келіссөзге келмейтінін ендігі түсінген шығарсыңдар". Владимир Зеленский осылай деп ағынан жарылды. Украина Президентінің айтуынша, соғысты тоқтататын басқаша амал ойлап табу керек. Ал АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Газа секторын қолдамады. Қолдамағанын былай қойғанда, Израиль әскері шығарылсын деген резолюцияға вето қойды.

Путиннің келіссөздерге жеке өзі келмейтінін түсінетін уақыттарың келді. Бұл – Владимир Зеленскийдің сөзі. Украина Президенті қысымды, оның ішінде, Украинаны ұрыс даласында қолдау арқылы осы соғысты тоқтатуға болатынын айтуда. Себебі, қазіргі ахуал толықтай Путинге тиімді, - дейді Зеленский.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Мемлекет басшыларының кездесуі болады, соғыс уақытша болсын тоқтайды деген үміттеріңізден бас тарта беріңіздер. Путиннен ештеңе күтудің қажеті жоқ. Біз, Ресей басшысы өзі жетіп келетіндей жағдай жасауымыз қажет. Сол кезде ғана соғыс тоқтайды.

Газа секторын азат етемін деген АҚШ райынан қайтты. Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында кенеттен осындай шешім қабылдаған. Нақтырақ айтсақ, Израильдің әскері аумақтан шығарылсын деген резолюцияны қолдаудан бас тартып қана қоймай, вето жариялады. Израильге енді ешқай мемлекет кедергі бола алмайды.

КЕЛЛИ КРАФТ, БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНДЕГІ АҚШ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Америка Құрама Штаттары, бірінші кезекте, ХАМАС тұтқынында жатқан жандарды босатуға күш салады. Олардың қатарында 4 америкалық азамат әлі де бар. Олардың қапаста жатқанына, міне бүгін, 607 күн болды. Сондықтан, бұл резолюцияны қолдай алмаймыз.

АҚШ азаматтары енді әлемнің 12 еліне бара алмайды. Дональд Трамп өзінің сайлауалды уәдесін орындап, тиісті қаулыға қол қойды.