Былтыр Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы 37 млрд доллардан асты. Бұл туралы Душанбеде өткен ТМД ұйымына мүше елдер үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында айтылды. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның ұйымды одан әрі дамытуға әрі оның әлеуетін нығайтуға жәрдемдесуге ниетті екенін атап өтті. Шағын және кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, авиациялық қатынас мәселелері қаралды. Кеңес жұмысы аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ТМД ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуі өтті.