$510.19 €582.79 ₽6.46
×

"Әскерге күштеп алып кетсе, сотқа шағымдануға болады", - С. Қамалетдинов

05.06.2025ж. 20:00
83
"Әскерге күштеп алып кетсе, сотқа шағымдануға болады", - С. Қамалетдинов

Әскери комиссариат азаматтық борышын өтегісі келмегендерді күштеп алып кеткен жағдайда сотқа жүгінуге болады. Бұл туралы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары айтты. Егер азамат құқығы тапталды деп есептесе, шағымдана алады. Бірақ Сұлтан Қамалетдинов өз қызметіне кіріскелі бірде-бір адамнан арыз түспепті.

СҰЛТАН ҚАМАЛЕТДИНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында «ерікті түрде» деген ұғым жоқ, онда мемлекетті қорғау - әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті деген нақты жазылған. Осы орайда әскерге шақырылғандар осыны орындауға міндетті. Ал егер орындамаса, заң нормалары бұл азаматқа қатысты болуы керек.