$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Алматыда «Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық форум өтті

05.06.2025ж. 20:00
97
Алматыда «Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық форум өтті

Алматыда «Орталық Азиядағы биоалуантүрлілікті сақтау мәселелері мен перспективалары» атты халықаралық форум өтті. Ауқымды жиын Мемлекет басшысының биологиялық әртүрлілікті сақтау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған. Форум жұмысына отандық және шетелдік сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғалымдар мен экологтар қатысты. Жиын қорытындысында биологиялық әртүрлілікті қорғау бойынша ұсыныстар мен бастамаларды қамтитын қарар қабылданды. Бұл шара Қазақстан мен Орталық Азиядағы табиғи экожүйелерді сақтау жолында ғылыми қауымдастық пен халықаралық серіктестердің күш-жігерін біріктіруге бағытталған маңызды қадам болды.

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Үлкен халықаралық ұйымдар бар. Праон, Юнеско, Фао ұйымдары. Оларда қатысып өздерінің ұсыныстарын айтады. Әлемде қалай жұмыс істейді? Мына биоалуантүрлілікті қалай реттейді. Соның бәрін біз тәжірибесін үйренуіміз керек. Біздің ғалымдарымыз сол үшін жиналып отыр.