$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Ақтөбеде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті

05.06.2025ж. 20:00
127
Ақтөбеде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясы өтті

Ақтөбеде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының 28-ші сессиясы өтті. Іс -шара Қазақстан халқы ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Сессияның негізгі тақырыбы -мемлекет басшының Қазақстан халқы Ассамблеясының 34- ші сессиясында белгіленген тапсырмалары мен алға қойған міндеттерін орындау.

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті 28 –ші облыстық сессиясы Ақтөбе облысы әкімі АсхатШахаровтың төрағалық етуімен өтті. Жиынға депутаттар, кәсіпкерлер, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері , этномәдени бірлестік төрағалары , мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Елімізде татулық мен тұрақтылықты қамтамасыз етуде Ассамблея белгілеген негізгі 13 жоба басты назарға алынған.

ӘЛІБЕК БАЙНЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Осы бағытта мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында облыстық деңгейде жол картасы бекітілді. Этностардың мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары мен өнерін кеңінен таныстыра отырып, татулық пен достық құндылықтарын насихаттау жұмыстары жалғасын табады.

Өңірде 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Оның 1мыңнан астам мүшесі бар. Этномәдени бірлестіктер жанында 19 шығармашылық ұжым құрылған. Сондай-ақ 8 қоғамдық құрылым бар.

МАРҒҰЛАН НҰРМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сессияның басты мақсаты - бұл енді ауызбіршілікті толеранттылықты сақтау. Әлемде болып жатқан қазір неше түрлі оқиғаларды болдыртпау басты себебі. Сол бағытта жұмыс атқарып жатыр және идеологияны дамыту.

Жалпы өңірде басты жүзеге асырылатын жол картасы аясында мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға басты көңіл бөлініп,арнайы жобалар жүзеге асыралытын болады. Одан бөлек, Облыстық Қазақстан халық Ассамблеясының ғимараты туристік картаға енгізілмек.