$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Астанада Халықаралық UCMAS балалар Академиясы ойша есептеуден Ұлттық сайысы өткізді

05.06.2025ж. 20:00
121
Астанада Халықаралық UCMAS балалар Академиясы ойша есептеуден Ұлттық сайысы өткізді

Астанада Халықаралық UCMAS балалар Академиясы ойша есептеуден Ұлттық сайыс өткізді. Оған Алматы, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Қонаев, Есік, Жаркент қалалаларынан және Ұзынағаш ауданынан барлығы 300-ге жуық бала қатысты. Шара «АМАNАТ» партиясының Есіл ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Оқушылар 10 секундта 200 тапсырма орындап, Қазақстандық рекорд орнатты. Сайысты «UCMAS» Халықаралық менталды арифметика бағдарламасы Бас штабының директоры, доктор Chris Chew қадағалады. Айта кетейік, Ұлттық жарыс әр мемлекетте жылына бір рет қана өткізіледі.

МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Үздік балаларды UCMAS яғни арифметикалық орталығымен бірге бірлесіп, жастарды, жас бүлдіршіндерді бір ортаға жинап, ментальді арифметикадан қиын сандарды есептеп, 5 секундтің ішінде нәтижесін шығарып үлгерді. Ол деген сөз бұл жаңа бір рекорд, жаңа бір қадам.

ЖАРЫЛҚАСЫН ӘШІРТАЙ, ҚАТЫСУШЫ:

Жүз есеп шығардым. Екі жыл болды қатысқанамы арифметикадан. Жақсы болды.