$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Елордада нашақорлық туралы спектакль көрерменге жол тартты

05.06.2025ж. 20:00
144
Елордада нашақорлық туралы спектакль көрерменге жол тартты

Есірткіге тәуелділіктің салдары сахналанды. Елордадағы жастар театрында «Соңғы аялдама» атты спектакльдің шымылдығы ашылды. Қоғамдағы аса өзекті проблемалардың бірі – нашақорлық туралы бұл пьеса 20 жылдан астам уақыт бұрын жазылса да, өзектілігін жоғалтпаған.

"Астана -есірткісіз қала" акциясы аясында тәртіп сақшылары қалалық әкімдікпен бірлесе осы драматургиялық шығарманы сахналауға бастамашы болды.

АЛИЯ ҚИБАТҚЫЗЫ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Біз есірткіге тәуелділіктің салдары ғана емес, заң жағынан да қандай жауапкершілік болатынын, әркез өздеріміз сөз сөйлегенде жауапкершілік түрлерін, қандай заңнамалық санкция болатынын айтып келеміз.

Басты рөлді сомдаған жас актердің айтуынша, есірткіге тәуелді жанды ойнап шығу оңайға соқпаған. Себебі, бұл дерт сау адамның жан-дүниесін ешкім танымастай өзгертеді.

ӘЛИХАН ЖАСАНҰЛЫ, АКТЕР:

Сау адам негізі сала алмайды. Біз барынша зерттеп, көзқарасы, жүріс-тұрысы, мимикасы қалай болады, сөз сөйлеуі, ашуланған кездегі кейпі, эмоциясы қандай болатынын зерттедік.

Қойылымның басты месседжі – есірткіге жолай кетсең, өмірдегі жолың жабылады. Астана қалалық әкімдігі мен Полиция Департаменті театр арқылы жастарға жол тартуды бекер таңдамаған. Сахна көрерменді бей-жай қалдырмайды, - дейді.