Қарағанды облысында прокуратура қызметкерлері арасында дәстүрлі садақ атудан республикалық жарыс өтті. Мемлекеттік рәміздер күніне орай ұйымдастырылған шараға 16 облыстан келген жас қызметкерлер қатысып, шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар марапатталды.
Қатысушылар нағыз мерген образына енуге барынша тырысты. Жарыста қарағандылық Темірлан Жабаев жеңімпаз атанса, 2 және 3 орындарды Бас әскери прокуратура қызметкерлері Нұрсұлтан Ибрагимов пен Асхат Қанафиндер ұтты.
ТЕМІРЛАН ЖАБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
Бәрі өте жоғары сатыда өтті деп есептейм. Жарыс барысында нақты ортасына 3 рет дәл тигіздім.
«Көкпар», «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Жамбы ату» дәстүрі де көрсетілді. “Ең үздік ұлттық киім үлгісі”, “ Жас мерген” , “ Ең тәжірибелі мерген” номинациялары бойынша да жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.
КЕНЖЕБЕК ҚОЖАХМЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Петропавл қаласында садақ ату үйірмесі бар. Бос уақытымызда осы ұлттық садақ атуды дәріптеу арқылы өзіміз жұмасына кемінде екі рет атып тұрамыз”.
МАРИНА НҰРБЕКОВА, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:
Бұл жарыс прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында өтіп жатыр. Жас қызметкерлерді тәрбиелеу мақсатында өткізілген және бұл ұмытылып бара жатқан спорт түрін дәріптеу басты мақсатымыз.
Жарыс “ Заң және тәртіп” акциясы аясында өтті. Оны дәстүрлі шараға айналдыру жоспары бар. Айжан Қуаш, Жанайдар Рақымжанов, ”АстанаТаймс” Қарағандыдан.