$510.19 €582.79 ₽6.46
×

«Тірі қалмас едім»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы жұбайының компаниясын тартып алғаны рас па

AstanaTV
05.06.2025ж. 16:33
73
«Тірі қалмас едім»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы жұбайының компаниясын тартып алғаны рас па
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсара Марат экс-күйеуінің жақында өткен қайырымдылық акциясы – 100 қызметкеріне пәтер сыйлағанына қатысты пікір білдіріп, бұл әрекеттің шынайы себебі басқа екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ляйсараның айтуынша, ажырасқаннан кейін оның меншігіне өткен компания қиын жағдайда болған. Бірақ командасымен біріге отырып, кәсіпті табысты деңгейге көтерген. Дәл осы кезде, Ляйсараның сөзіне сенсек, Алагөзов оны компаниядан кетуге ықпал еткен.

«Бұл «салтанатты» шараның алдында не болғанын айтуыма тура келеді. Бірнеше факт: 2016 жылдың жазында біз мүлікті бөлісу процесінде болдық. Сот шешімімен маған «GALANZ BOTTLER» компаниясының 43% және 25% акциясы берілді. Менің сіңілімде 7,5% болған, осылайша бізде шамамен 51% бақылау пакеті жиналды. 2016 жылдың күзіне қарай біз компанияны басқаруға кірістік. Сол кезде компанияның қарызы 13 миллиард теңге еді, ал айналым қаражаты 10 миллиард теңге болатын. Бұл жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсіну үшін қаржыгер болу міндетті емес», – дейді Ләйсірә Марат.

Ляйсара барлық мүлкі компанияның міндеттемелерімен кепілге қойылғанын, ал банк техникалық дефолт жариялауға дайын болғанын айтады. Оның айтуынша, ол банк төрағасынан жеке өзі барып, мерзімді ұзартуды өтінген, әрі бұл өтініш қабылданған.

«2021 жылдың ортасында еңбегіміз жемісін берді. Өнім нарықта танымал брендке айналды, сату көлемі 35 миллиард теңгеден асты. Біз таза табысқа шықтық. Дәл сол кезде Тұрсын ең ықпалды Сатыбалды кланына маған және сіңіліме қатысты «шаруаны реттеп беруді» сұрап барған. Нәтижесінде, мені 2021 жылдың жазында компаниядан қуып шықты. Егер қарсыласуға тырысқанымда, мүмкін тірі қалмас па едім», – деп мәлімдеді ол.

Ляйсараның сөзінше, ол кеткеннен кейін бір аптадан соң Тұрсынғали Алагөзов компанияға директорлар кеңесінің төрағасы ретінде келген.

Ол Алагөзовтің қызметкерлеріне пәтер сыйлауы нағыз қайырымдылық емес, маркетингтік қадам екенін атап өтті.

«Нағыз қайырымдылық – бұл жариясыз, пайдасыз шынайы көмек. Мұндай әрекеттер әдетте аноним түрде жасалады. Ал бұл жағдайда 2 миллиард теңге – компанияның маркетингтік бюджетінің жартысы. Шай сатылауы керек, қоймада шіріп жатпауы тиіс. Бұл – нақты бір адамның беделін көтеру үшін жасалған қадам», – деп есептейді Ләйсірә Марат.