Тараз - Шымкент автожолында ірі габаритті жүк көлігімен орын алған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазавтожол мәліметінше, 2025 жылғы 5 маусым сағат 20:30 жағдай бойынша Түркістан облысында Тараз - Шымкент бағытында «РФ шекарасы (Жайсан ө\п) – Мәртөк – Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен) – Қарабұтақ – Қызылорда –Шымкент (солтүстік айналма жолымен) – Тараз (айналма жолымен) – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)» автожолының 653 шақырымында ірі габаритті жүк көлігімен орын алған жол-көлік оқиғасының салдарынан қозғалысты қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Оқиға орнында жол қызметі мен полиция департаменті бірлесіп, көлік қозғалысын бір жолақпен реверсивті түрде ұйымдастыруда. Бұл шара жол бойында көлік кептелісін алдын алуға бағытталған.
Қалпына келтіру жұмыстары ұзаққа созылуда, себебі жүктің салмағы 205 тоннаны құрайды. Аталмыш жұмыстарға 200, 100 және 50 тонналық 4 бірлік автокран жұмылдырылды.
Жағдай бақылауда, маманда тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.