$510.19 €582.79 ₽6.46
×

«Ол кезде Әдия бөпе еді»: Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің келіні туралы айтты

AstanaTV
06.06.2025ж. 09:17
67
«Ол кезде Әдия бөпе еді»: Жазира Байырбекова Сәкен Майғазиевтің келіні туралы айтты
Коллаж: Aikyn.kz

Әнші Жазира Байырбекова әріптесі Сәкен Майғазиевтің келіні жайлы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Жазира Байырбекова әріптестерімен бірге Жаңаөзен қаласына құда болып барған. 

“Бүгін Сәкен мен Динараның ұлы Әділеттің құдалығындамыз. Жаңаөзен қаласында отырмыз. Ең қызығы, осыдан 20 жыл бұрын осы әулетке Жанболат екеуміз қонаққа келіп, ән айтыппыз. Ол кезде Әдия енді ғана туған, бөпе екен. Өмір қандай?! Міне, достарымыздың келіні болып шықты. Енді құда болып келіп отырмыз”, – дейді Жазира Байырбекова. 

Сәкен Майғазиевтің әйелі де таңданысын жасырмай, «Өмірде осындай сәйкестіктер көп болсын», деп тілегін айтты.