$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Жолаушылар автобусы өртенді

AstanaTV
06.06.2025ж. 10:11
90
Жолаушылар автобусы өртенді

ТЖМ өрт сөндірушілері жанып жатқан автобусты сөндірді

Жамбыл облысы Жуалы ауданында «Алматы – Ташкент» автожолының 553-шақырымында жолаушылар автобусы өртенді. Өрт сөндірушілер келген кезде автобус тұрақта тұрған, алайда от көлік құралын тез шарпыған.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел іс-қимылының арқасында өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Барлық 40 жолаушы жолай өтіп бара жатқан көлікпен жөнелтілді.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері қайғылы жағдайдың алдын алуға және жолдың қарқынды бөлігінде қауіпті жоюға мүмкіндік берді.