$544.87 €639.02 ₽6.88
×

ТЖМ қызметкерлері пәтерде жалғыз қалған баланы құтқарды

AstanaTV
06.06.2025ж. 12:09
243
ТЖМ қызметкерлері пәтерде жалғыз қалған баланы құтқарды

Бүгін түнде Сәтбаев қ. Тәуелсіздік көшесінің бойындағы үйлердің бірінде алаңдаған ана 112 қызметінің көмегіне жүгінді. Оның айтуынша, 2013 ж.т. ұлы 5-қабатта орналасқан пәтерде құлыпталып қалып, кіреберіс есігін ашпай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Баланың анасы пәтердің сыртында тұрып, ішке кіре алмады. Оқиға орнына жедел түрде ТЖД қызметкерлері жіберілді.

Автосатының көмегімен олар балконның ашық терезесі арқылы пәтерге кірді. Бала медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ тұрғындарды өз балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қараусыз қалдырмауға шақырады!