$510.19 €582.79 ₽6.46
×

ҰЛЫТАУҒА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ДӘРІГЕРЛЕР ТОБЫ КЕЛДІ

AstanaTV
06.06.2025ж. 14:33
59
ҰЛЫТАУҒА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСНАМАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҮШІН ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ ДӘРІГЕРЛЕР ТОБЫ КЕЛДІ

Осы жылдың ақпан айында қол қойылған Денсаулық сақтау министрлігі, «UMC» КҚ, Ұлытау облысының әкімдігі және «Қазақмыс» корпорациясының арасындағы ынтымақтастық туралы төртжақты Меморандумның шеңберінде Жезқазғанға өңірдің медициналық ұйымдарындағы жағдайды бағалау, персоналды оқыту, пациенттерді қабылдау үшін «UMC» мамандарының бірінші тобы келді. 

Қор мамандары жергілікті жерлердегі жағдайды бағалау, оқытудың басым тақырыптарын айқындау, ауруханалардың әлсіз және күшті жақтарын анықтау мақсатында Жезқазған қаласының Облыстық көпбейінді ауруханасына және «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-не барды, олар бөлімшелерді, түрлі қызметтер мен медициналық мекемелердің жабдықтарын қарап шықты. 

Жобаны іске асыру барысында жалпы табысқа жетуге бағытталған дәрігерлермен, мейіргер персоналымен ашық, сенімді әңгіме болды.  

Персоналдың пациенттермен өзара іс-қимылын, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, пациенттерді қолдау және ішкі бақылау деңгейін арттыруды қамтитын сапа менеджменті бойынша ұсынымдар берілді. 

Мейіргерлердің жұмысына ерекше назар аударылды, оларға ауруларды емдеу нәтижесінің ең көп пайызы және пациенттерге күтім жасау сапасы байланысты. 

МҰ-дағы жағдайды бағалаудың бір аспектісі ауруханаішілік инфекциялардан қорғау мәселелері болды. 

Осы топтың жұмысының нәтижелері бойынша бір аптадан кейін арнайы мамандардың келесі тобы келеді деп күтілуде. Олар диагноз қояды, пациенттерді емдейді, хирургиялық араласулар жүргізеді, қажет болған жағдайда жергілікті дәрігерлерді, мейіргер персоналын UMC клиникаларына оқуға жібереді. Жобаны іске асыру жыл ішінде жүзеге асырылатын болады.

Меморандумды іске асыруға байланысты іс-шараларға шығыстарды «Қазақмыс» корпорациясы көтеретінін естеріңізге сала кетейік.