$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Бесінші қабаттан құлай жаздады

AstanaTV
06.06.2025ж. 20:33
109
Бесінші қабаттан құлай жаздады

Құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды

БҚО Ақсай қ. 101 пультіне Ақсай қ. 5 ықшам ауданында көп пәтерлі тұрғын үйдің 5-қабаты деңгейінде 1984 ж.т. әйел адам секіруге тырысып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ басқа да шұғыл қызметтер дереу жіберілді.

Оқиға орнында құтқарушылар биіктіктен құлаған кезде құтқаруға арналған арнайы үрлемелі құрылғы — "өмір кубын" орнатты. Әйел секіруге тырысқан сәтте құтқарушылар оны ұстап алып секіруге жол бермеді.

ТЖМ қызметкерлерінің жедел реакциясының, физикалық және психологиялық төзімділігінің арқасында қайғылы оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды.