ТЖМ қызметкерлері суға батып бара жатқан адамды құтқарды.
Павлодар қаласындағы Усолка өзенінің коммуналдық жағажайында патрульдеу кезінде ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары суда қайғылы оқиғаның алдын алды.
Құрамында 4 құтқарушы мен 2 жүзу құралы бар экипаж өзеннің ортасында суға батып бара жатқан адамды байқады. Зардап шегуші судың бетінде тұра алмай, су астына кете бастады.
Құтқарушылар ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізіп реанимациялық іс-шараларды жасады. Содан жедел медициналық жәрдем бригадасы қызмет көрсетті.