$544.87 €639.02 ₽6.88
×

Суға батып бара жатқан оқушы құтқарылды

AstanaTV
07.06.2025ж. 08:33
201
Суға батып бара жатқан оқушы құтқарылды

Астанада мектеп оқушысы суға батып кете жаздады. Ол Сарыарқа ауданына қарасты коммуналдық жағажайға суға түскен.

Ш.Бейсекова көшесіндегі көпірге жақын жерде патрульдеу барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері суда қайғылы оқиғаның алдын алды. Суға шомылу кезінде 11 жастағы баланың аяқ бұлшық еті кенеттен ұйып, ол судағы қозғалыс кезінде үрей мен қиындық белгілерін бере бастаған.

Бала судан шығарған. Медициналық көмек қажет болмаған.