$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

AstanaTV
08.06.2025ж. 07:55
33
Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр, бұршақ, жел және найзағай болатынын болжап отыр. Осыған байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астанада найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауыл және қатты жел боуы мүмкін.

Өскемен мен Талдықорғанда найзағай болжанып отыр.

Маңғыстау облысында қатты жаңбыр, найзағай және өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысында найзағай, дауыл, шаңды дауыл, жел және өте жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Жезқазғанда, Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында найзағай, бұршақ, жел және жоғары өрт қауіпі күтіліп отыр.

Алматы, Қонаев, Семей, Атырау, Ақтау қалаларында, сондай-ақ Атырау, Алматы, Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай, жел және жоғары өрт қауіпі болжанып отыр.