Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Алматылықтар үшін сел қаупі күшейіп барады

AstanaTV
11.07.2017ж. 20:00
2256
Алматылықтар үшін сел қаупі күшейіп барады

Алматыда сел жүру қаупі күшейді. 12 шілдеге дейінгі аралықта тау мұздақтары еріп, көл суының деңгейі көтерілуі мүмкін. Олардың саны 36.

Соның ішінде біреуінің жарылып кету қаупі бар. Мамандар осылай деп дабыл қақты. Өйткені аймақта ауа температурасы 40-42 градусқа дейін жеткен. Десе де, қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазақселденқорғау» мекемесінің қызметкерлері қауіптің алдын алып жатыр. Көл суын арнайы техникамен ортайтуға кіріскен. Теңіз деңгейінен 3 метр биіктіктегі су қоймаларының маңына арнайы бекеттер орналастырылып, көл деңгейі тікұшақпен бақылауға алынған. Ал «Алмаарасан» шатқалы мен «Сұлу сай» аймақтарына туристердің қыдыруына уақытша тыйым салынды.

Сандуғаш Баймұханбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

Қазіргі сәтте төтенше жағдай департаменті инженерлік-инспекторлық құраммен бірге Наурызбай ауданында, Қарғалы жағалауында орналасқан тұрғындарға жарнамалар мен ескертпелер таратылуда. Ол жаңағы, міндетті түрде сел жүру қауіпі бар деген, ол адамды дүрліктіру емес, олар профилактикалық ақпаратпен таныстыру болып табылады.