$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Қытай билігі жүздеген роботтарды пайдаланып 7 500 тонналық тарихи тұрғын үйді орнынан көшірді

AstanaTV
08.06.2025ж. 09:30
35
Қытай билігі жүздеген роботтарды пайдаланып 7 500 тонналық тарихи тұрғын үйді орнынан көшірді

Шанхайдағы Чжанъюань тарихи сәулет кешенінде 1920-1930 жылдары салынған Хуаяньли тұрғын үй кешенін көшіру бойынша ауқымды жоба басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Жэньминь жибао басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Аумағы 4 030 шаршы метр, салмағы 7 500 тонна болатын кешен 432 мобильді роботтың көмегімен тарихи орнына қайтарылып жатыр. Бұл Қытай тарихындағы шикумэнь стиліндегі ғимараттар тобының қатысуымен жасалған ең үлкен операция.

Көшіру процесі 19 мамырда басталды. Кешендегі үш қаңқалы кірпіш ғимараттың сәулет элементтері сақталуы үшін арнайы роботтар пайдаланылды. Олар күніне шамамен 10 метр жылдамдықпен қозғалады.