$510.19 €582.79 ₽6.46
×

«Әнің өзіңе»: Ұланғасыр Қамиев ана туралы әнін неге айтпай кеткенін айтты

AstanaTV
08.06.2025ж. 13:24
58
«Әнің өзіңе»: Ұланғасыр Қамиев ана туралы әнін неге айтпай кеткенін айтты
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды

Бұл туралы Ұланғасыр Қамиев Jibek Joly арнасының "Бүгін.Live" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Әншінің айтуынша, оның себебі әннің авторымен арадағы келіспеушіліктен туындаған.

«Ана туралы ән бар еді. Кейін концертте әннің авторын айтпай кеткенмін, бірақ жазылады ғой. Соны неге айтпай кетті деп, анау-мынау деп, қызғанды ма, білмеймін енді. Кішкене дөрекілеу сөз айтып қойыпты. Өзіме тіке емес, естідім. Содан кейін "әнің өзіңе" деп әнін бетіне былш еткіздім. Содан кейін айтпай кеттім. Ана туралы ән сол болған негізі. Содан кейін әнін өзіне қайтарып бердім. Ал патриоттық әнді тыңдайтын құлақ жоқ қазір. Жазып жатырмыз негізі. "Жалғызым қазақ" деген әннің шыққанына 3 жыл болды-ау. Ол бір жыл тыңдалмай жатты. Ешкім тыңдаған жоқ оны. Ол қашан халыққа танымал болды? Су тасқыны кезінде танымал болды. Сол кезде TikTok-қа салды. Сөйтіп танымал болып кетті. Тыңдаса қайда қалды?», – деді Ұланғасыр Қамиев.

Ұланғасыр сұхбат барысында отбасы туралы, оның ішінде ағасы туралы да айта кетіп, концерті кезінде ол өзіне тосынсый жасағанын айтып кетті.

«Туған ағам Айдар қазіргі таңда ауылда тұрады, сол қара шаңырақта. Анам сол Айдардың қолында. Мал асырайды, аңға шығады. Таза ауылдың азаматы. Сол ағам келіп қалған екен концертке. Келмеймін деп айтқан негізі. Ол шоу жасап кетті. Дидар ағам үшеуіміз концертте айтыстық. Айдар ағам осылайша тосынсый жасағысы келген ғой», - деді ол.