Шығыс Қазақстан облысында демалуға арналған 25 жер учаскесі, шомылуға тыйым салынған 74 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 29 орын анықталды, деп хабарлайды KAZINFORM.
Атап айтқанда, осы кезге дейін 458 рейд жүргізілген. Сондай-ақ 3 адам судағы қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Рейдке қатысушылар олардың негізгі міндеті – Қауіпсіз демалыс мәселелеріне назар аудару екенін еске салады.