Президенттікке үміткер колумбиялық сенатор Мигель Урибеге 15 жастағы жасөспірім оқ атты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қастандық Боготадағы сайлау алдындағы митингі кезінде, жақтастары алдында сөз сөйлеген кезде болған.
“Шабуыл жасады деп болжанған адам – Урибенің күзетшілері жаралаған 15 жасар жасөспірім”, – деп жазады жергілікті El Tiempo газеті.
Ол 1,5 метр қашықтықтан сенатордың арқасынан шамамен алты рет атқан, оқтың бірі Урибенің басына тиген. Атыс кезінде тағы екі адам жараланған.
Қазіргі кезде саясаткер ауруханада жатыр. Шабуылдаушыны Урибенің күзетшілері жаралап, ұстады.
Куәгерлердің айтуынша, кәмелетке толмаған шабуылдаушы оқиға орнына мотоциклмен келген.