$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министріне тапсырма берді

AstanaTV
08.06.2025ж. 16:26
88
Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министріне тапсырма берді
Фото: Ақорда

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Astana TV.

Кездесуде Мемлекет басшысы армияның жауынгерлік дайындығын нығайту, басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу, Арнайы операциялар күштерінің мүмкіндігін кеңейту, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды жаңғырту бойынша нақты міндеттер жүктеді.