$510.19 €582.79 ₽6.46
×

«Тілім ащы, барлық құпияны жариялаймын»: Баян Алагөзова күйеуінің бұрынғы әйеліне жауап берді

AstanaTV
08.06.2025ж. 23:21
64
«Тілім ащы, барлық құпияны жариялаймын»: Баян Алагөзова күйеуінің бұрынғы әйеліне жауап берді
Фото: Әлеуметтік желіден

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Маратқызы таяуда “Тұрсын Сатыбалдыларды араға салып, бизнесімізді алып қойды” деген мәлімдеме жасаған еді. Ляйсираның бұл айтқандарына Баян Мақсатқызы жауап берді деп жазады Turkystan.kz.

“Негатив жазғандарды оқығым да, естігім де келмейді. Отбасыма, күйеуіме, қыздарыма қатысты негатив болса, үнсіз қала алмаймын. Хэйтерлер, сендерге айтарым, сендерге мың алғыс!
Сендер негатив дүние айтқан сайын, жазған сайын біздегі жаман энергия азайып, кәдімгідей жеңілдеп қалдық. Сендердің өтіріктерің, жалаларың, жанталасып бізді жамандап жатқандарың – өздеріңе қара энергия болып, өздеріңе барып жабысады.Сендер бізге күйе жаққан сайын, біздің жолымыз ашылып, әр қадамымыз сәттілікке толып жатыр.
Күйеуім Тұрсынға, бізге қатысты айтқан өтіріктерің ашылып, масқара боласыңдар. Сөйлесем, менде де тіл бар. Тілім ащы. Егер тынышталмасаңдар, қолымда бар бүкіл құжат-дәлелдерді жариялаймын. Кім кімге, қашан, не деп барғаны, не істегені, не сұрағаны туралы тірі куәгер ретінде айтып бере аламын. Сондықтан ашықтан-ашық өтірік айтуды қояйық”, – деді Баян Мақсатқызы.



Алдыңғы жаңалық