$510.19 €582.79 ₽6.46
×

Қазақстанның барлық өңірінде өрт қаупі бар – Қазгидромет

AstanaTV
09.06.2025ж. 06:42
41
Қазақстанның барлық өңірінде өрт қаупі бар – Қазгидромет
Фото: Pixabay.com

«Қазгидромет» ел өңірлеріндегі ауа райы мен өрт қаупіне байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Astana TV.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда Астанада 9 маусымда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Жетісу облысында солтүстік шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз 35 градус ыстық болады. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, өңірдің солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

9 маусымда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.

9 маусымда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Солтүстік шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

9 маусымда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, таңертең облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

9 маусымда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел солтүстік батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

9 маусымда Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, оңтүстік шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

9 маусымда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік шығыстан соғатын жел солтүстік батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік батысында, оңтүстік шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

9 маусымда күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с-ке жетеді. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

9 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

9 маусымда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

9 маусымда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік батысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

9 маусымда түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақытта нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Облыстың солтүстік батысында, оңтүстік шығысында, орталығында жоғары өрт қау пі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

9 маусымда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік шығысында, солтүстік батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталды.

9 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік батысында, солтүстік шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.