Елімізге белгілі әзілкеш Нұржан Төлендиев Kyzyk times бағдарламасының қонағы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол ұлы үйленіп, келін алғалы бері өзінің қалай тыйылғанын айтып берді.
"Жақында екі дүркін ата атандым. Қызымнан немерем бар, ұлым үйленді. Бір қызық айтып берейін. Енді бірінші рет келін түсірдім ғой. Ал мен ұйқыбаспын негізі. Таңертең ата деген ерте тұру керек қой негізі. Мен кешкі сағат 5 те тұрғанмын ғой. Солай 2 қабаттан түсіп келе жатсам, келін мені күтіп жүрген ғой. Маған сәлем салып жатса, "рақмет" деппін ғой. "Көп жаса" деу керек екен ғой. Үйде тәртіп күшті болып қалды. Келіншегіме "сіз" деп сөйлеп, ой айналайындар деген әңгіме айтып, шәйді тез-тез ішіп тұрып кетіп жүрміз. Бастан тақия тастамай, шорты киюді ұмыттық қазір", - дейді әзілкеш.