Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері Қазақстан аумағына оңтүстік циклонның әсері байқалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол ауа массаларының жылынуын және конвективті процестердің дамуын қамтамасыз етеді.10 маусымда оңтүстікте, 11 маусымда солтүстік-батыста, 12 маусымда елдің солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Тек елдің шығысында антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Күндізгі уақытта ауа температурасы солтүстікте, шығыста, орталықта 25-32 градусқа дейін, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 32-37 градусқа дейін жоғарылайды.