$508.5 €580.66 ₽6.44
×

Трамп пен Илон Маск бір-бірінің сырын ақтарды

09.06.2025ж. 20:00
48
Трамп пен Илон Маск бір-бірінің сырын ақтарды

Дональд Трамп өзінің жан досы Илон Маскпен ат құйрығын кесті. Қарапайым заң жобасынан басталған даудың арты бір-бірінің сырын ақтарумен жалғасты. Миллиардер АҚШ Президенті педофил дейді. Ал, Ақ үй басшысы Маскты «Есінен алжасқан», - деп қаралауда. АҚШ Президенті Лос-Анджелеске әскер кіргізіп, мигранттарға соғыс жариялады. Қаланы латынамерикалықтардан тазартамын деген Трампқа, жергілікті билік қарсы шықты. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты. 

Трамп заңын шошқа етінен жасаса, енді педофил. Миллиардер – Илон Маск, АҚШ Президенті 2 жыл бұрын сотталған Джеффри Эпштейннің тізімінде Дональд Трамп та болған дейді.  Жауап ретінде, Дональд Трамп, өзінің сенімді серіктесі болған миллиардердің компанияларымен келісімдерді бұзу процессін бастады. 

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен оған сендім. Оны жақын досым деп санап келдім. Ол болса арқама пышақ сұғып алғандай болды. Бұндай сатқындықтан, әрине, көңілің құлазиды. Кешірім сұраймын десе, есігім ашық.


Трамп, Лос-Анджелеске әскер кіргізді. Голливудта мыңдаған мигранттар Мексика және өзге Латын Америкасы елдерінің туларын ұстап алып, наразылық акциясын бастаған. Тіпті, көліктерді өртеп, бұзақылыққа бой алдырды. Жауап ретінде АҚШ Президенті Ұлттық Ұланын кіргізіп, жаппай қамауды бастады. Наразы топ, қолына түскен затты әскерилер мен полицияға лақтырса, сарбаздар көз жасаурататын газ атқылап жатыр.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Алдыңғы әкімшілік билікте отырған кезде, миллиондаған қылмыскер елге кіріп кеткен. Олар қатыгез. Біз бұны жазасыз қалдыра алмаймыз. Заң мен тәртіпті қалыптастыру – басты міндет. Барлық күштік құрылымдар осы бағытта жұмыс істейді.


Бірақ, жергілікті билік Трамппен келіспейді. Калифорния губернаторы мен Лос-Анджелес мэры барынша қарсы тұруға тырысқан. Тіпті, әскерді кіргізбейміз, - деп ұрандатты. Тіпті, Трамп әрекеті заңсыз екенін алға тартып, жақын арада сотқа жүгінетіндерін айтуда.

КАРЕН БАСС, ЛОС-АНДЖЕЛЕС МЭРЫ:

Президент әкімшілігі түймедейді түйедей етіп отыр. Ойын келгенін істеп, күш қолдану – заңсыз. Президент Трамптың өзі осы бұзақылыққа жол ашып берді. Бұл – нағыз арандатушылық. Себебі, осыны пайдаланып, зорлық-зомбылық көбейіп кетті.


Белгілі эко-белсенді – Грета Тунгберг теңіз ортасында қамауда қалды. Газа секторының жағалауына бір топ белсендімен кемеге отырып, гуманитарлық жүк артып алған белсендіні Израиль әскері Қорғаныс Министрінің тікелей бұйрығымен қоршап алды. Бастапқыда Тунгбергпен байлапныс болғанымен, қазір оны да бұғаттап тастады, - дейді жақындары.